Максим РАКОВ: «Соңғы кездері тым жиі сүрініп жүрмін»

Максим РАКОВ: «Соңғы кездері тым жиі сүрініп жүрмін»

Бірнеше жылдан бері дзюдо күресінен ұлттық құраманың көшбасшы болып келе жатқан әлем чемпионы Максим Раков Астана татамиінде жүлдесіз қалды. Ел сенім артқан балуанымыздың сәтсіз өнер көрсетуінің себебін өзінен сұрап көрген едік

– Максим, бұл жағдайдың нақты себебің өзің түсіндіріп өтсең?

– Жеңілдім. Басқа не айтуға болады? Мұндай кездесулерде сәттілік жолдас болмаса ұту қиын. Қарсылас өте мықты. Екеуіміз жиі кездесеміз. Бұған дейін екі рет ұтқанмын. Бұл жолы жолым болмады.

– Төрешілерге байланысты не айтасың? Саған өте көп «шидо» берді ғой...

– Өтіп кеткен соң не дейсің? Төрешілерге артар кінәм жоқ. Қазір ештеңе өзгермейді. Егер бірдеңе жасау керек болса, кездесуге дейін істеу керек еді. Бұл жерде бір ғана факт бар. Ол – жеңімпаз. Мең жеңілдім.

– Француз кездесуді екінші айналымнан бастады. Бұл жағдай оның жеңіске жетуіне әсер етті ме?

– Жоқ, керісінше. Мен алғашқы белдесуімді өте жеңіл өткіздім. Білмеймін, соңғы кездері жолым болмай жүр.

– Алда қандай жоспар бар?

– Нақты ештеңе айта алмаймын. Ойлану керек.

– Рио-де Жанейро Олимпиадасы қыр астында тұр. Бірақ ол туралы әлі ойланбаған секілдісің...

– Егер Олимпиадаға баратын болсаң, белгілі бір мақсат болуы керек. Жай турист ретінде барып қайтудың қажеті жоқ. Көреміз.Алдымен бапкермен ақылдасуым керек.

– Сенен спорт жанкүйерлері үлкен үміт күтетінін жақсы білесің ғой...

– Әрине, жақсы білемін. Бұлай нашар өнер көрсеткенім үшін кешірім сұраймын. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Бірақ жеңіске жете алмадым. Бұл – әлем чемпионаты. Оның үстіне 100 келіде осал қарсылас жоқ. Барлығы мықты. «Мен тұр, сен атайын» сайдың тасындай іріктелген балуандар. Өздеріңіз көрдіңіздер, Еуропа чемпионы Грол екінші айналымда-ақ «ұшып» кетті. Бір- бірінің атақ-дәрежесіне қарап жатқан ешкім жоқ. Енді бапкермен отырып ақылдасуымыз керек. Соңғы кездері жиі жеңіліске ұшырап жүрмін. Азия чемпионатында бір қолмен күрестім. Онда финалда ұтылдым. Бұл жолы өз жерімізде жеңіліп қалдым. Сондықтан кішкене демалған да дұрыс шығар. Әйтпесе, жеңілістерімнің саны тым көбейіп кетті.

baq.kz ақпарттық порталынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или