Алматыда су добынан Әлем біріншілігі өтеді

Алматы қаласында 4-12 қыркүйек аралығында су добынан 20 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем біріншілігі өтеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Оңстүстік астанада орналасқан «Rakhat Fitness» спорт кешенінде өтетін дүбірлі додаға Хорватия, Испания, Мажарстан, Черногория, Қытай, ОАР (Оңтүстік Африка Республикасы), Жапония, Мексика, Австралия, Сербия, Мысыр, Аргентина, Иран, Өзбекстан, Грекия, Италия, Голландия және Канада елдерінің ұлттық құрама командалары қатысады.

Спорт журналистері орталығының директоры Андрей Неклюдовтың хабарлауынша, Әлем біріншілігі 4 қыркүйек күні таңғы сағат 09:00-да басталады. Алғашқы ойында Черногория мен Мысыр командалары кездеседі. Ал сол күні кешкі сағат 18:20-да көрермендер чемпионаттың ашылу салтанатын тамашалайды. Ол аяқталысымен Қазақстан мен Испания командалары арасындағы матч басталады.

Айта кетелік, су добынан юниорлар арасындағы Әлем біріншілігі Халықаралық жүзу федерациясының қамқорлығымен 1981 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Чемпионаттар арасындағы уақыт межесі 2 жыл.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или