US Open-2023 турнирінде cенсациялық нәтиже тіркелді

US Open-2023 турнирінде cенсациялық нәтиже тіркелді

Британдық теннисші Кэмерон Норри 3-ші раундтағы ойыннан кейін АҚШ ашық чемпионатынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/16 финал кезеңінде әлемнің 16-ракеткасы Норри ATP рейтингінде 61-ші орында тұрған итальяндық Маттео Арналдиден үш сетте жеңіліп қалды.

Қарсыластар арасындағы кездесу 1 сағат 57 минутқа созылып, 6:3, 6:4, 6:3 есебімен Арналдидің пайдасына шешілді.

Төртінші раундта Маттео Карлос Алькарас (Испания, 1) - Дэниел Эванс (Ұлыбритания, 26) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или