Жібек Құламбаева Прага турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Прага (Чехия) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге финалда жарыстың 1-ракеткалары, италиялықтар Ангелика Морателли - Камилла Розателломен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда таразы басы алма-кезек ауып, тай-брейкте Құламбаева мен Кубка ептілік танытты – 7:6 (7:3).
Екінші сетте брейк жасаған қазақ пен поляк қызы сол басымдылықты берген жоқ – 6:4.
Тартысты өткен матч 1 сағат 45 минутқа созылды.
Жібек Құламбаева бұдан бұрын белоруссиялық Юлия Готовкомен бірге Римде дәл осындай додада чемпион атанған еді. Міне, енді сол табысын қайталап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или