Рыбакинаның US Open турниріндегі ықтимал қарсыласы анықталды
Швейцариялық теннисші Белинда Бенчич US Open Grand Slam турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол үш сетте қытайлық Жу Линді ұтты – 7:6 (7:1), 2:6, 6:3. Ойын 2 сағат 42 минутқа созылды. Швейцариялықтың келесі қарсыласы Елена Рыбакина - Сорана Кирстя кездесуінде анықталады.
Еске салайық, екінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы Виктория Азаренканы қытайлық Жу Лин ұтқан болатын. Бір жарым сағатқа созылған кездесу Беларусь өкілінің 3:6, 3:6 есебінде жеңілуімен аяқталды.
Нью-Йорк, (АҚШ). АҚШ-тың ашық турнирі. Әйелдер. Үшінші айналым.
Белинда Бенчич (Швейцария, 15) - Жу Лин (Қытай) - 7:6 (7:1), 2:6, 6:3
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или