Қазақстандық теннисші Прагадағы турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Прагада (Чехия) өтіп жатқан ITF турнирінде үшінші жұптық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші поляк спортшысы Мартина Кубкамен жұп құрап румын-грузин дуэті Ирина Баре - Екатерина Горгодземен кездесу өткізіп, екі сетте 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұл кездесу турнирдің жартылай финалы кезеңінде өтті.
Турнирдің финалында Құламбаева мен Кубка итальяндық жұп Анжелика Морателли - Камилла Росателломен ойнайды.
Айта кетейік, жуырда Италияның Рим қаласында өткен ITF сериясының турнирінде 23 жастағы қазақстандық спортшы беларусь теннисшісі Юлия Готовкомен бірге жұптық сайыста жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или