Сенсация болмады. «Тобыл» еурокубокпен қоштасты

Чехияда Конференция лигасы плэй-офф кезеңінде жергілікті «Виктория Пльзень» мен қостанайлық «Тобыл» қарымта матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кездесуде чехиялық клуб 3:0 есебімен жеңді, алаң иелері сапында Томаш Хоры, Рафиу Дуросинми және Ибрагим Траоре гол соқты.
Осылайша, «Виктория» футболшылары екі матч қорытындысы бойынша 5:1 есебімен жеңіп, УЕФА Конференция топтық кезеңіне жолдама алды.
«Виктория Пльзень» (Чехия) - «Тобыл» (Қазақстан) - 3:0 (1:0)
Голдар: Хоры 32 (1:0), Дуросинми 59 (2:0), Траоре 90+3 (3:0)
31 тамыз. 2023, 23:00. Пльзень, «Дусан Арена»
Фото: «Тобыл» ФК