Рыбакина US Open-2023 турнирінің үшінші айналымына өтті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші айналымда Рыбакина турнирдің былтырғы ширек финалисті, Австралия өкілі Айла Томляновичпен кездесуі керек еді, алайда қарсыласы жарыстан шығып қалды.
3-турда Қазақстан өкілі румыниялық Сорана Кырстеймен кездеседі.
Айта кетейік, турнирдің бірінші айналымында Елена Украина өкілі Марта Костюкті 6:2, 6:1 есебімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или