Бадди МакГирт Жәнібек Әлімханұлымен серіктестікті тоқтату себебін атады

Бадди МакГирт Жәнібек Әлімханұлымен серіктестікті тоқтату себебін атады

Белгілі америкалық маман Бадди МакГирт Prosports.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Жәнібек Әлімханұлымен жұмысты неліктен тоқтатуға шешім қабылдағанын айтып берді.

– Бадди, неге Жәнібек Әлімханұлымен жұмысты тоқтатуды ұйғардың?

- Мені ешкім жұмыстан шығармағанын бірден айтқым келеді. Тек олардың келесі жекпе-жектегі қаламақысы үшін ұсынысын қабылдамадым.

– Яғни, Жәнібектің командасы жаңа келісім-шарт ұсынды ма, әлде ескі шарттармен келіспедің бе?

– Жоқ, олар бұрын соңды болмаған жаңа ұсыныспен келді. Маған бұл ұнамады, сондықтан мен олармен Калифорнияға ұшпадым.

– Жалпы, Жәнібек Әлімханұлының болашағын қалай бағалайсыз? Ол орта салмақтағы барлық титулдарды жеңе ала ма?

- Әрине. Жәнібекке бар жақсылықты тілеймін. Ол абсолютті әлем чемпионы болады деп үміттенемін.

– Бұған дейін сіздердің залда Қазақстанның тағы бір боксшысы Данияр Елеусінов жаттыққан болатын. Сіз онымен жұмыс істейсіз бе?

 - Иә, ол менімен бірге жаттығады.

Еске салайық, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы Бадди МакГиртпен ынтымақтастықты тоқтатқанын хабарлаған болатын. Бұл ретте қазақстандық америкалық маманмен әлі де дос екенін және байланыста екенін атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или