Бас бапкер еркін күрестен Азия чемпионын әлем біріншілігіне неге апармайтынын айтты

Бас бапкер еркін күрестен Азия чемпионын әлем біріншілігіне неге апармайтынын айтты

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты мен Азия ойындарына қатысатын балуандар анықталды. Лицензиялық әлеме біріншілігіне қатысатын спортшылар қатарында Азия чемпионы Дархан Есенғали жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Еркін күрестен олимпиадалық салмақ саналатын 74 келіде Белградта өтетін әлем чемпионатына Нұрғожа Қайпанов қатысады. Нұрғожа биылғы Қазақстан Спартакиадасында Дархан Есенғалиден жеңілген болатын.

Одан бөлек, Есенғали биыл Астанада өткен Азия біріншілігінде топ жарған.

Бас бапкер Мадияр Құрамысовтың пікірінше, Дарханды жазғы Азия ойындарына қатыстыру туралы шешім қабылданған.

«Иә, Дархан Есенғали ресми жарыста Қайпановты жеңді. Бірақ жаттығу жиындарында көріп жүрміз. Дархан Нұрғожадан жиі ұтылып қалады. Одан бөлек, әлемдік балуандармен кездесу жөнінен Қайпановтың тәжірибесі көп. Ал Есенғали бұл жағынан да ақсап тұр. Сондықтан оны Азия ойындарына қатыстыру туралы шешім қабылдадық», - деді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или