Рыбакина US Open-ді ірі жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Үлкен дулығаның» хард турнирі — АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакина US Open бірінші кезеңінде украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:1 есебімен тас-талқан етті. Матч 1 сағат 27 минутқа созылды.
Қазақстандық теннисші 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.
Енді екінші айналымда ол Панна Удварди (Венгрия) — Айла Томлянович (Аустралия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или