Еуропалық клуб Рамазан Оразовпен видео жариялады

Еуропалық клуб Рамазан Оразовпен видео жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Словенияның «Копер» клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовпен видео жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Словениялық клуб бұл жаңалықты өзінің инстаграмм желісіндегі ресми парақшасында жариялаған креативті бейнежазба арқылы жеткізді.

Онда футболшының команданың клубтық дүкенінен жейдені алып, үстіне кигеннен кейін стадион алаңына беттеп бара жатқаны түсірілген.

 

Айта кетейік, бұған дейін ойыншы Словенияның жоғары лигасында бақ сынайтын «Коперге» ауысқаны хабарланған. Қазақстандық ойыншы жаңа командасымен екі жылдық келісімшартқа қол қояды.

Айта кетейік, Рамазан Оразов қостанайлық команда сапында 24 матчқа қатысып, үш гол соқты. «Қайрат» түлегі бұған дейін «Ақсу», «Ақтөбе», сондай-ақ латвиялық «Даугавплис», ресейлік «Чайка» командаларында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0