Бокс. Азия чемпионаты. Олжас Сәттібаев жарыс жолын сәтті бастады

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қазақстан чемпионы Олжас Сәттібаев Азия чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Ол Таиландтың мықты боксшысы Онгжунта Тэйнспен кездесті. Жекпе-жектің бірінші минутынан-ақ тай боксшысы Сәттібаевты өз соққыларымен әлсіретпек болды. Алайда ойын жүзеге асыра алмады. Олжас қарсыластың күш алуына бой бермеді. Ұтымды сәттерді қалт жібермей, қарсы шабуылдады.

Төрешілердің барлығы жеңісті жерлесімізге берді. Осылайша қарсыласын 3:0 есебімен ұтқан 2014 жылғы Қазақстан чемпионы құрлықаралық турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или