Григорий Ломакин Таиландтағы турнирдің чемпионы атанды
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Накхонситхаммаратта (Таиланд) өткен ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дүниежүзілік рейтингте 1057-орында тұрған қазақстандық теннисші жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған жарыс барысында бес теннисшіні тізе бүктірді.
Финалда 25 жастағы Г.Ломакин әлемнің 680-інші, доданың 3-ракеткасы Касидит Самреймен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда қазақстандық спортшы тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:2). Екіншісінде 4:6 есебімен есе жібергенімен, шешуші сетте жеңісті жұлып алды – 6:3.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или