«Қайрат-2008» халықаралық турнирде екінші орын алды

«Қайрат-2008» халықаралық турнирде екінші орын алды

Санкт-Петербургте аяқталған атақты бапкер Юрий Морозовты еске алуға арналған турнирдің финалында «Қайраттың» 2008 жылғы командасы Беларусь құрамасынан 0:5 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шешуші матчта бірінші голды тез жіберіп алған жас алматылықтар есепті теңестіруге тырысып, қарымта шабуылда гол соғу мүмкіндіктерін өте тиімді пайдаланған қарсыластарына төтеп бере алмады.

Үзіліске дейін 0:4 есебімен жеңіліп жатқан «Қайрат» командасы екінші таймда тағы бір гол жіберіп алды. Қарсылас финалға жақсырақ дайындалған, дегенмен «Қайрат» ойында мұндай жеңіліске лайық емес еді.

Дегенмен «Қайраттың» бұл турнирде екінші орын алғанын үлкен жетістік деп бағалаған жөн, өйткені қазақстандықтар «Црвена Звезда» (2:0), «Интернасьонал» (2:0), Ресей құрамасы (1:0) және санкт-петербургтік «Зенит» (2:1) сынды мықты қарсыластарын жеңді.

Фото: «Зенит» ФК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или