Нариман Аббасов Naiza лигасында Магомед Кабардиевпен кездеседі
Әзербайжандық файтер Нариман Аббасовтың қарсыласы UFC-ге үміткер қазақстандық Магомед Кабардиев болады.
Бұл туралы Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала мәлімдеді. Оның сөзінше, жыл соңына дейін лига төрт турнир өткізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ кезекті турнирдің басты жекпе-жегінде Нариман Аббасов пен Магомед Кабардиев кездеседі.
Еске салайық, Әзербайжан намысын қорғайтын Нариман Аббасов Шымкентте туған. Магомед Кабардиев болса, Қазақстанда жеті жыл тұрып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или