Допинг дауына ұшырап, жарыстан шеттетілген теннисші 24 жасында мансабын аяқтады
Швед теннисшісі Микаэль Имер 24 жасында кәсіпқой мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен кәсіпқой теннистен кетемін деп шештім. Керемет естеліктер үшін барлығына рақмет! Барша әріптесіме жарыста сәттілік тілеймін», — деп жазды Имер әлеуметтік желіде.
2022 жылы қаңтарда Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Имерді 12 айда үш допинг сынамасына қатыспады деп айыптады. Үш арбитрден тұратын тәуелсіз трибунал Швецияның бірінші ракетасын ақтады, бірақ ITF спортшыны екі жылға спорттан шеттетуді талап етіп, CAS-қа апелляциялық шағым түсірді. Нәтижесінде, CAS комиссиясы апелляцияны ішінара қанағаттандырып, Имерді 2023 жылдың 17 шілдесінен бастап 18 айға жарыстан шеттетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или