US Open-нің негізгі жеребесі тартылды: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды
28 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте "Үлкен дулыға" санатындағы US Open турнирі өтеді. 24 тамызда жарыстың негізгі жеребесі тартылып, қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина турнирдің алғашқы айналымында әлемнің 37-ракеткасы, украиналық теннисші Марта Костюкпен ойнайды. Матч 28 тамызда өтеді.
Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 79-ракеткасы) алғашқы раундында италиялық теннисші Мартина Тревизанмен (әлемнің 53-ракеткасы)ойнайды.
Ерлер арасындағы Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик аустриялық Доминик Тиммен (әлемнің 82-ракеткасы) ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или