Милич Чурчич «Викториямен» ойын жайлы: Мен өз жігіттеріме сенемін
«Тобыл» бас бапкерінің «Викториямен» ойын соңындағы пікірі
– Мен сіздерге қызықты футбол уәде еттім, бүгін дәл солай болды деп ойлаймын. Бүгінгі ойын біздің жақсы жұмыс істеп жатқанымызды көрсетеді. Бірінші таймда қысқа пастар арқылы допқа көбірек иелік етуді жоспарладық. Бұл – біздің ойынымыз. «Үшінші аймақта» жігіттерге соққы жасайтын мүмкіндіктер болғанымен, батыл қадам жасай алмады.
Біздің жігіттер тынбай еңбектеніп келеді. Мұны бүгінгі ойыннан бақыладыңыздар деген ойдамын. Ойын нәтижесіне көңіліміз толмайды. Барлығы қарымта кездесуде шешіледі. Мен өз жігіттеріме сенемін.
Кей сәттерде жігіттерге тәжірибе жетіспей жатты. «Виктория» болса, былтыр ғана чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнады.
Ойынға келіп, керемет атмосфера жасаған жанкүйерге алғысымды білдіремін.