Динара Имажанова: «Құрамамыздың мүшелері түгел бұрынғы Ресей азаматтары»

Қыздар арасында теннистен Қазақстан чемпионы Динара Имажанова «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында еліміздегі бұл спорттың ішкі қыр-сырын ашып берді.

«Өзге мемлекеттерде теннис алаңдары тегін»

Қазақстанда теннис дамымаған. Қазіргі таңда, көп теннис алаңдары салынуда, бірақ бізге тәжірибелі мамандар ауадай жетіспейді. Бұған қоса, корттардың бағасы өте қымбат. Әрине, теннис қаражатты көп қажет ететін спорт түрі. Дегенмен, өзге мемлекеттерде теннис алаңдары көбінше тегін.

«Федерациядан көмек болмаған»

Мен бірнеше рет қыздар арасында жеке және жұптық сайыста ел чемпионы атандым. Әртүрлі «фьючерс» жарыстарында топ жардым. Бірақ, уақыт өте келе қаражат тұрғысында қинала бастадым. Ал теннис Федерациясынан ешқандай көмек болмады. Менің өзіме айына шамамен 70-100 мың теңге жұмсалып отырды. Бұл – теннис алаңы, бапкерді жалдау, спорт киімі, түрлі жарысқа қатысу және жолдың ақысы. Әрине, демеушісіз бұл ата-анама өте ауыр түсті. Теннис Федерациясынан бір көмек болады ма деп ойладым, бірақ олар «өздерінің» теннисшілеріне көмек беріп жатты. Сол себепті 19 жасымда теннисті тастадым. Қазір Латвия елінде оқимын.

«Зарина Диас - Чехия азаматтығын алғысы келген»

Қазақстанда жаттығып өзін барша әлемге танытқан бірде-бір теннисші жоқ. Бұл ащы шындық. Қазіргі таңда, жалғыз қазақ теннисшісі – Зарина Дияс. Бірақ Заринаның анасы Қазақстан теннис Федерациясымен қанша «соғысқаны» бәріне аян шығар. Сол себепті Дияс жастайынан Чехияға жол тартты. Шетелдік бапкерді жалдап, қазіргі таңда Азияның бірінші ракеткасына айналды. Бір уақыттары Зарина Чехия елінің азаматтығын алғысы келген. Ал қалған спортшыларды алатын болсақ: Шведова, Воскобоева, Голубев, Кукушкин олардың бәрі бұрынғы Ресей азаматтары. Жастар арасында да түгел «легионерлер» Путинцева мен Клюева.

«Екатеринаның нақты жасы – 21-де»

Бұған қоса олардың жасы шындыққа сай келмейді. Мәселен, Екатеринаның нақты жасы – 21-де (паспорт бойынша Клюева 19-да, - а.т.). Тәп-тәуір бастаған Асия Даирда өзін мықты қырынан көрсете алмады. Асия болашағынан үлкен үміт күттіретін теннисшілердің қатарында болған. Бірақ Қазақстаннан көңілі қалған ол енді АҚШ-тың Флорида қаласында оқып, сонда тенниспен айналасуда.

«Құрамамыздың мүшелері түгел бұрынғы Ресей азаматтары»

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың келуіммен Қазақстан құрамасының нәтижелері жақсарды. Ерлер құрамасы Дэвис кубогының ширек финалына дейін шығып жүр. Теннис алаңдары көптеп салынып жатыр. Бірақ соған қарамастан, ұлттық құрамамыздың мүшелері түгел бұрынғы Ресей азаматтары емес пе? Зарина Дияс қана біздікі. Бұл дұрыс емес. Жергілікті ойыншыларға да мүмкіндік берілуі қажет. Теннис Федерациясына ренжіп, балағаттағаным емес, тек қана Қазақстан азаматы ретіндегі жеке пікірімді білдіргенім. Мен теннисшілердің биік шыңдарға жеткенін қалаймын.

«Cүйікті футбол клубым - «Барселона»

Менің теннистегі кумирім – Анна Иванович. Сербиялық теннисшінің ойындарын жібермей көремін. Ал сүйікті футбол клубым – «Барселона». Сондай-ақ Испания құрамасының жанкүйерімін. Қазақ футболына аса қызықпаймын, бірақ «Астананың» жетістіктеріне өте қуаныштымын. Қазақстандық командаға топтық кезеңде сәттілік тілеймін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или