Ғажап дебют! Зайнутдинов «Бешікташ» сапындағы алғашқы матчында жеңіс голын салды
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов түркиялық «Бешікташ» сапындағы дебютін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Зайнутдинов Конференция лигасының плэй-офф кезеңінде киевтік «Динамоға» қарсы ойнады - ол алаңға екінші таймның басында шықты. Қазақстандық ойыншы конголық қорғаушыАртур Масуакуды алмастырды.
Бақтиер бұл кездесуде жеңіс голын салды. 95-минутта ол қанжығасын майлап, түркиялық клуб сырт алаңда 3:2 есебімен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или