Төрт гол - үшеуі офсайдтан. «Астана» өз алаңында Албания чемпионын жеңді

Төрт гол - үшеуі офсайдтан. «Астана» өз алаңында Албания чемпионын жеңді

«Астана» Конференция лигасының плэй-офф кезеңінде өз алаңында албаниялық «Партизаниді» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық клуб «Астана Аренада» «Партизани» қақпасына бір гол ғана соқты. 41-минутта Степан Лончар қанжығасын майлады.

Артынша Абат Айымбетов гол салған еді, бірақ офсайд болды. Екінші таймда Марин Томасов екі гол соқты - екеуінде де футболшы ойыннан тыс қалған.

Алаң иелері 100 минутқа созылған матчта көп шабуылдағанымен, таблодағы 1:0-ді өзгерте алмады.

Енді қарымта матч 31 тамызда Албанияда өтеді.

Конференция лигасы. Плэй-офф кезеңі. Бірінші матч

«Астана» - «Партизани» (Албания) 1:0

Гол: Лончар 41

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или