«Тобыл» Чемпиондар лигасының қатысушысына жол берді

«Тобыл» Чемпиондар лигасының қатысушысына жол берді

«Тобыл» Конференция лигасының плэй-офф кезеңінде өз алаңында чехиялық «Виктория Пльзеньге» жол берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қостанайда өткен ойында чехиялық клуб 2:1 есебімен жеңді. 

Бірінші таймда есеп ашылмады. 73-минутта Каду есеп ашса, ойынның 90-минутында Лукас Калвах есепті еселеді.

Кездесудің соңына қарай алаң иелері есеп айырмасын қысқарта алды. Серж Дебле пенальтиден гол соқты.

Енді қарымта кездесу 31 тамызда Чехияда өтеді.

Айта кетейік, өткен маусымда «Виктория» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен болатын.

Конференция лигасы. Плэй-офф кезеңі. Бірінші матч

«Тобыл» (Қостанай) - «Виктория» (Чехия, Пльзень) 1:2

Голдар: Каду 73, Калвах 90, Дебле пенальтиден 90+8

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или