Қазақстандық боксшы Александр Усикпен спарринг өткізді
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін жерлесіміз дәл қазір Польшада келесі кездесуіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
<span>Соның аясында WBA, WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы украиналық Александр Усикпен бірге жаттықты. Бұл жөнінде ол әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Суреттің астына «Біз айқасқа дайынбыз» деген жазба қалдырды. </span>
<span>Айта кетейік, Аманжолов 26-шы тамызда Польшаның Вроцлав қаласындағы жекпе-жек кешіне қатысады. Оның қарсыласы - Лазизбек Муллажонов. Өзбекстандық боксшы бүгінге дейін жеңіліп көрмеген. Кәсіпқой рингте бас-аяғы 3 кездесу өткізді. Ал Нұрсұлтан Аманжоловтың көрсеткіші 5 жекпе-жек, 5 жеңіс. Тіпті оның 4-еуін уақытынан бұрын аяқтады. Дәл осы кештің басты жекпе-жегінде жоғарыда сөз болған украиналық Александр Усик пен британиялық Даниэлл Дюбуа жолығады.</span>