Дзюдо. Әлем чемпионаты. Қазақстан құрама командасы Аустралияны ойсырата жеңді

Астана қаласындағы әлем чемпионаты командалық жарыспен аяқталады. 15 қыздар, 14 ерлер құрамасы әлемнің үздік командасы атағын сарапқа салады, деп хабарлайды «PROCПОРТ».

Жеребе нәтижесі бойынша Қазақстанның қыздар құрамасы командалық жарыстың басты фавориті саналатын Моңғолия командасымен кездесіп, 0:5 есебімен жеңіліс тапты. Біздің командадан төрт қыз татамиге шыққан болатын. Ленария Мингазова, Назгүл Құбышева, Ділбар Өмірәлиева мен Гүлжан Исанова мықты қарсыластарына айтарлықтай қарсылыс таныта алмады.

Қазақстанның ерлер құрамасы жанкүйерлерін қуанта алды. Әзіз Қалқаманұлы, Самат Есен және Ержан Шынкеев кездесулерін "таза жеңіспен" аяқтаса, Дастан Ықыбаев "шидолар" бойынша қарсыласынан басым түсті. 66 келі салмаққа Аустралия өз спортшысын қоспады. Осылайша біздің жігіттер 5:0 есебімен жеңіске жетті. Енді Қазақстан Жапониямен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или