Конор Макгрегор өзіне ұқсайтын UFC файтерін айтты
UFC-дегі ирландиялық файтер Конор Макгрегор отандасы Иане Мачадо Гарри туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Гарри өткен демалыста Бостонда (АҚШ) UFC 292 турнирінде америкалық Нил Мэгниді төрешілер шешімімен жеңген болатын.
«Гарри - бұл клиника! Оның шеберлігі керемет. Ол жартылай орта, орта салмақта төбелесе алады. Иан мен жылдар бойы жасаған нәрселерді қайталайтынын айтады. Cage Warriors промоушенінен өтіп, UFC-мен келісімшарт жасасып, екі салмақта чемпион болу. Бұл жігіт екі дивизионда да жетістікке жетеді деп ойлаймын. Дәл мен сияқты», - деп келтірді Макгрегордың сөзін MMA News.
Еске салайық, Иан Гарри аралас жекпе-жекте 17 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или