Сауль Альварес карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Сауль Альварес карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Pound-for-pound рейтингінің бұрынғы көшбасшысы, екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес (59-2-2, 39 KO) карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

«Менің ойымша, тағы төрт, мүмкін бес жылым бар. Мен кәсіпқой бокспен 15 жасымнан бастап айналысамын, 18 жылға жуықтады. Мен мансабымды 36-37 жасымда аяқтаймын деп әрқашан айтатынмын. Сол уақытқа дейін мен көп нәрсеге қол жеткізіп, отбасыммен бірге уақыт өткізе аламын», - деді Канело The Breakfast Club подкастында.

Еске салайық, 1 қазанға қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) Альварес екінші орта салмақтағы титулдарын бірінші орта дивизиондағы абсолют чемпион америкалық Джермелл Чарлоға (35-1-1, 19 KO) қарсы қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или