Қазақстанда UFC жекпе-жегі өте ме: Шавкат Рахмонов жауап берді

Қазақстанда UFC жекпе-жегі өте ме: Шавкат Рахмонов жауап берді

Отандық файтер Шавкат Рахмонов Қазақстанда UFC турнирін өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

- Әрине, бұл жайлы Данамен сөйлесуге болады. Көреміз. Әйтеуір, Қазақстанда турнир өтуі керек қой. Пандемияға дейін өткізгісі келді. Егер UFC келіссе, Қазақстан дайын. Күтеміз.

Мұның бәрі UFC-ге, Дана Уайтқа байланысты. Бізде өткізетін адам табылады. Бұл туралы Саят Әбдірахмановқа да айтқам. Өзіндік нюанстары бар. Нақты ештеңе дей алмаймын. Мүмкін, алдағы уақытта Қазақстанда UFC жекпе-жегі өтетін шығар, - деді Рахмонов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шавкат Рахмонов UFC-де Леон Эдвардспен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или