Қазақстан құрамасының 2024 жылғы әлем чемпионатындағы ойын кестесі жарияланды

Қазақстан құрамасының 2024 жылғы әлем чемпионатындағы ойын кестесі жарияланды

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизиондағы ойын кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын кестесі Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) сайтында жарияланды.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында ойынкөрсетеді. Қарсыластары – Словакия, Франция, Латвия, Германия, Швеция, АҚШ және Польша.

Ел құрамасы 11 мамырда Франциямен кездессе, одан кейін 12 мамырда Словакия, 14 мамырда Латвия, 16 мамырда Швеция, 17 мамырда Германиямен шеберлік байқасады.

Ал 19 мамырда АҚШ-пен кездессе, 21 мамырда Польшамен ойнайды.

Аталған топтағы ойындар Острава қаласында өткізіледі.

Ал А тобындағы Финляндия, Канада, Швейцария, Чехия, Дания, Норвегия, Австрия және Ұлыбритания құрамалары Прага қаласында шеберлік байқасады.

Әлем чемпионаты 2024 жылдың 10-26 мамыр аралығында өтеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или