Цинциннатидегі WTA және ATP турнирлерінің жартылай финалистері белгілі болды

Цинциннатидегі WTA және ATP турнирлерінің жартылай финалистері белгілі болды
АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA және ATP 1000 сериясындағы турнирлердің жартылай финалистері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер<span> </span>арасында турнирдің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек пен әлемнің жетінші ракеткасы, америкалық теннисші Кори Гауфф ойнайды. Бұл кездесу Астана уақытымен 21:00-де өтеді.

Ал екінші жартылай финалдық матч Астана уақытымен 23:30-ға жоспарланған. Онда әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко мен әлемнің 17-ракеткасы, чехиялық теннисші Каролина Мухова ойнайды.

Ал<span> </span>ерлер<span> </span>арасындағы жартылай финалдық матчта әлемнің бірінші ракеткасы Карлос Алькарас ойнайды. Оның қарсыласы - польшалық теннисші Хуберт Хуркач. Матч Астана уақытымен ертең, 01:00-де өтеді.

Ал әлемнің екінші ракеткасы Новак Джокович жартылай финалда германиялық теннисші Александр Зверевпен кездеседі. Бұл матч ертең, 04:00-ге жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или