Қазақстан құрамасының шабуылшысы жас жанкүйерін туған күнімен құттықтады

Қазақстан құрамасының шабуылшысы жас жанкүйерін туған күнімен құттықтады

«Астана» мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов жас жанкүйерін туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz

ТикТокта әсерлі видео тарап кетті. Баланың ата-анасы телефонда Айымбетовтің құттықтауын қосты. Бала эмоциясын ұстай алмай, жылап қалды.

«Ұлымның сүйікті футболшысы құттықтағанда көңілі босап кетті», - делінген видеодағы жазуда.

Еске салайық, «Астана» кейінгі ойынын 18 тамыз күні «Лудогорецке» қарсы өткізген болатын. Еуропа лигасының 3-іріктеу кезеңіндегі кездесуде елордалық клубң 1:5 есебімен жеңіліп қалды.

Фото: «Астана» ФК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или