Құран өртеген тұтқынды Рамазан Кадыровтың ұлы соққыға жыққан
Шешенстанның ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев Рамзан Кадыровтың 15 жасар ұлы Адамның тергеу изоляторында Құран өртеген Никита Журавелді ұрып-соққанын мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz .
Адам Кадыров — түрлі спорттық жарыстардың жеңімпазы, атап айтқанда, «Время Легенд» бокс турнирінде жеңіске жеткен. Наурызда 15 жасар Кадыров жақын арада аралас жекпе-жектен ACA промоутерлік компаниясындан бақ сынайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Волгоградта Құран өртеп жатқан Журавелдің видеосы 19 мамырда тараған. Екі күннен кейін полиция қызметкерлері оның Украинаның аннексияланған Қырымнан көшіп келген азамат екенін анықтаған.
Ресейдің тергеу комитеті бұл істі Шешенстанға беруді шешкен. Мамыр айының соңында Журавелді Шешенстанға жөнелткен.