Елена Рыбакина Цинциннати турниріндегі матчты жалғастырудан бас тартты
<span>Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирді одан әрі жалғастыра алмады. Ол 1/8 финалда италиялық қарсыласы Жасмин Паолиниге қарсы ойнаған еді. </span>
<span>Матчтың алғашқы сеті 6:2 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталған, алайда екінші сетте қазақстандық спортшы иық жарақаты салдарынан 2:5 есебімен ойынды аяқтауға мәжбүр болған. </span>
<span>Осылайша, Елена Рыбакина турнирдегі ойынды аяқтады, ал Жасмин Паолини ширек финалға шықты. </span>
<span>Еске салсақ, Цинциннатидағы турнирдің сыйақы қоры биыл 2 788 468 долларға тең. Турнирдің қазіргі чемпионы - франциялық Каролин Гарсия. Ол былтырғы финалда Чехиядан келген Петра Квитованың жеңген болатын (6:2, 6:4 есебімен). </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или