«Барыстың» қақпашысы Бояркин әке атанды
Астаналық «Барыстың» қақпашысы Никита Бояркин әке атанды, деп жазады Prosports.kz.
Елордалық клубтың баспасөз қызметі Никита мен әйелі Алина қызды болғанын хабарлады.
«Никита Бояркиннің қызы дүниеге келді! Никита мен оның жұбайы Алинаны осы қуанышты оқиғамен құттықтаймыз. Бауы берік болсын!», - делінген «Барыстың» баспасөз қызметі.
24 жастағы Никита Бояркин Қарағанды хоккейінің түлегі, 2021 жылдан бері «Барыс» жүйесінде өнер көрсетіп келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или