Николай Швабтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Николай Швабтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Николай Швабтың (11-0, 7 КО) шаршы алаңға шығатын күні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Шваб келесі жекпе-жегін 3 қазанда Техас штатының Нэшвилл қаласында өткізеді. Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ.

Айта кетейік, отандасымыз кейінгі жекпе-жегін биыл 10 ақпанда Доминикан Республикасында өткізді. Онда Николай Шваб венесуэлалық Эльбер Рохасты (20-10-2, 17 КО) нокаутпен жеңді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или