«Манчестер Ситидің» қорғаушысы «Әл-Насрдың» ұсынысын қабылдады
«Манчестер Сити» футболшысы Эмерик Лапорт карьерасын «Әл-Насрда» жалғастыруға келісімін берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Football Talk мәліметінше, 29 жастағы қорғаушы Таяу Шығысқа көшуге келіскен, ал «қалалықтар» ойыншыны сатуға дайын. Тараптар қазір Сауд Арабиясы Мемлекеттік инвестициялық қорының қаржылық мақұлдауын күтіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Лапорт осы трансфер кезеңінде клубтан кететіні және оған «Атлетик» (Бильбао) қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын.
Лапорт «Манчестер Ситиде» 2018 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді. Эмерик өткен маусымда клуб сапында барлық турнирлерде 24 ойынға қатысты. Тараптар арасындағы келісімшарт 2025 жылдың жазында аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или