Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан оралады?
Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) күзде рингке оралатынын мәлімдеді, деп хабарлады Prosports.kz.
Жәнібек Әлімханұлы Twitter-де «Қазан айы қызық болайын деп тұр!» деп жазды.
WBO чемпионы бұған дейін IBF жаңа чемпиноны Винченцо Гуальтьериді (21-0-1, 7 КО) жекпе-жекке шақырған. Германиялық боксшы шілдеде бразилиялық Эскива Фалькаоны жеңіп, сенсация жасаған еді.
Ал тамыздың басында ұлыбританиядық Феликс Кэш (16-0, 10 КО) Жәнібекті кездесуге шақырған.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін мамырда <span>Стоктонта (Калифорния штаты, АҚШ) канадалық Стивен Батлерге қарсы өткізіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или