Неймар «Әл-Хилалда» 2 маусым өткізіп, «Барселонаға» оралғысы келеді
Неймар «Әл-Хилалда» 2 маусым өткізіп, «Барселонаға» оралғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.
31 жастағы бразилиялық ойыншы саудиялық клубпен келісімшартты тағы бір жылға ұзартпайды. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатына дейін каталониялық клубқа оралғысы келеді.
Сауд Арабиясында 2 жылда форвард 320 миллион еуро табатыны хабарланған болатын.
Сонымен қатар, «Барселонаға» жалға берілу нұсқасы қарастырылмайды.
L'Equipe басылымының мәліметінше, Неймар осы маусым ортасында «Барсаға» оралуға үміттенген және жалақы талаптарын төмендетуге дайын болған. Бірақ бұған клубтың қаржылық қиындықтары кедергі болды.
«ПСЖ» Неймарды Сауд Арабиясына сатудан 100 миллион еуро пайда табады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или