«Әл-Наср» Джеррардтың командасынан жеңіліп қалды. Мане гол соқты, Роналду ойнамады

«Әл-Наср» Джеррардтың командасынан жеңіліп қалды. Мане гол соқты, Роналду ойнамады

Сауд Арабиясы чемпионатының 1-туры аясында «Әл-Наср» Стивен Джеррард жаттықтыратын «Әл-Иттифак» командасына қонаққа барады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар Эд-Даммамдағы «Ханзада Мохамед бин Фахд» стадионында кездесті. «Әл-Иттифак» 2:1 есебімен жеңді.

4-минутта «Әл-Насрдың» сенегалдық футболшысы Садио Мане есеп ашты. 47-минутта алаң иелерінің швециялық шабуылшысы Робин Квайсон таразы басын теңестірді. Алты минуттан соң Мусса Дембеле «Әл-Иттифакқа» жеңіс сыйлады.

«Әл-Насрдың» шабуылшысы Криштиану Роналду жарақатына байланысты ойнамады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или