Көзінен ауыр жарақат алған қазақ балуаны ұзақ үзілістен соң тұғырдан көрінді
Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Гран-при турнирі аяқталды. Қазақ балуандары ірі жарыстан алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
<span> Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы бір алтын, бір күміс және төрт қола медаль иеленді. Жарақатынан соң құрамаға қайта оралған Айдос Сұлтанғали олимпиадалық салмақ саналатын 60 келіде чемпион атанды.</span>
<span> 55 келідегі Марлан Мұқашев турнирдің күміс жүлдесін қанағат тұтты. Ал қола жүлдегерлер қатарында Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Ибрагим Магомадов (72 келі), Демеу Жадыраев (77 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) бар. </span>
<span>Айта кетелік, 67 келідегі Мейіржан Шермаханбет бір жылдан аса уақыт бойы кілемге шыққан жоқ. Ол жаттығу кезінде бір көзін ауыр жарақаттап, Үндістанда бірнеше рет ота жасатқан болатын. </span>
<span>Ұзақ үзілістен кейін Мейіржан халықаралық жарыстағы алғашқы медалін иеленіп отыр. Ол 2018 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионы. </span>