Бактиер Зайнутдинов «Бешикташпен» төрт жылдық келісімшартқа отырды
Ыстамбұлдың «Бешикташ» клубы мен Мәскеудің ЦСКА клубтары Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиёр Зайнутдиновтың трансфері бойынша принципті келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бешикташ Бактиер Зайнутдиновпен төрт жылдық келісімшартқа отырды. Бактиер ертеңгі Сочиге қарсы ойыннан кейін ЦСКА-мен қош айтысады. «Бешикташ» қазақстандықты апта басында өз қатарына қосуды жоспарлап отыр», - деп жазды түрік журналисі Ертан Сюзгун твиттерде.
Еске салайық, «Бешикташ» пен ЦСКА ұзақ уақыт бойы Зайнутдиновтың трансферінің сомасы туралы келісімге келе алмаған болатын. Соңғы мәлімет бойынша, түрік клубы қазақстандық футболшы үшін 4,5 миллион еуро төлеп, бұл соманы бір жарым жыл ішінде бөліп төлеуге құқылы болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или