Қазақстан ТМД ойындарында бесінші алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан ТМД ойындарында бесінші алтын медаль жеңіп алды

Каратэші Лия Қошқарбаева ТМД елдерінің екінші спартакиадасында жеке ката бойынша ең мықты атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Күмісті ресейлік Анна Щербина, қоланы әзірбайжандық Захра Гурбанзаде мен ресейлік Наталья Филюкова жеңіп алды.

Әбілмансұр Батырғали да кумитеде 75 келіге дейінгі салмақта күміс алды.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы 38 медаль бар, оның бесеуі алтын. Жарыстың соңғы күніне дейін біздің спортшылар бейресми медальдық есепте үздік бестікке енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или