Дзюдо. Әлем чемпионаты. Төртінші күн сәтсіз өтті

Астанада дзюдодан өтіп жатқан Әлем біріншілігінің төртінші күні спортшыларымыз үшін сәтсіз болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Әзіз Қалқаманұлы әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде эстондық Евгений Салеевті жеңіп, екінші айналымда азулы қарсыласқөа тап болды. Әлем чемпионы, бес дүркін Еуропа чемпионы және Еуропа Ойындарының жеңімпазы Грузия өкілі Автандил Чрикишвилимен белдескен қазақстандық бір шидомен ұтылды. Татамиде кездескен қос қарсылас бірдей деңгейде белдескен болатын.

"Өкінішке орай, өте алмадым, - дейді Әзіз. - Қарсыласым осал болған жоқ, әлем чемпионатының екінші кезеңінде басқалар болмайды да. Қателіктерді түзеуге енді тырысып, келесі жарыстарға дайындалатын боламыз".

63 келі салмақ дәрежесінде күресетін Мариан Урдабаева да үшінші кезеңнен өте алмады. Канадалық Стефани Тремблайды жеңіп, екінші кезеңде Хорватиялық Андрейя Даковичпен белдесіп, жеңіске жетсе, Жапонияның спортшысы, 2014 ж. әлем чемпионатының қола жүлдегері Мику Таширодан ұтылып қалды.

81 келі салмақ дәрежесіндегі ерлер мен 63 келі салмақ дәрежесіндегі әйелдер арасындағы жүлделер үшін күрес жалғасуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или