Ресейлік файтер мансабында алғаш рет жеңілді

Ресейлік файтер мансабында алғаш рет жеңілді

АҚШ-тың Су-Фолсе қаласында Bellator 298 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеш аясында ресейлік Диана Авсарагова мен америкалық Джастин Киш кездесті. Бұл жекпе-жекте Киш төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Авсарагова салмақ өлшеу рәсімінен өте алмай, гонорарының 20 пайызын қарсыласына береді.

Осылайша, Киш мансабындағы 9-жеңісіне қол жеткізді (6 рет жеңілген), ал Авсарагова жеті жекпе-жек өткізіп, алғаш рет жеңіліске ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или