Қазақстандық теннисші келісілген матчтарға қатысты деген күдікке ілінде. Ол турнирлерден шеттетілді
Қазақстандық теннисші Тимур Хабибулин келісілген матчтарға қатысты деген күдікпен турнирлерден шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Хабибулин 2014-2018 жылдар арасында 18 рет ереже бұзғаны айтылады.
«Жалпы алғанда ойыншылар матч эпизодтарын бұрмалағаны, бәс қоюға көмектескені, сыбайлас жемқорлық туралы хабарламағаны анықталды, ал Хабибулин ойынға әсер ету үшін ойыншыларға ақша ұсынған», – делінген хабарламада.
Хабибулиннің АТР рейтингіндегі ең үздік көрсеткіші 753‑орын болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или