Джиу-джитсудан әлем чемпионаты Астанада өтеді

Джиу-джитсудан әлем чемпионаты Астанада өтеді

Жаздың аяғында елорда тұрғындары мен қонақтары кезекті ауқымды жарысқа куә болмақ. 20-25 тамыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында джиу-джитсудан жасөспірімдер мен кадеттер (U14- U21) арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Биылғы бәсекеге 42 елден 1200-ден астам спортшы келеді. Оның ішінде отандастарымыздың саны 194.

Қатысушы елдер: Аустрия, Бангладеш, Бельгия, Болгария, Канада, Қытай, Хорватия, Кипр, Германия, Португалия, Колумбия, Ангола, Франция, Италия, Грекия, Мажарстан, Ирак, Израиль, Оңтүстік Корея, Филиппин, Өзбекстан, Таиланд, Македония, Иран, Дания, Қаратау Республикасы (Црна Гора), Словения, Нидерланд, Моңғолия, Қырғызстан, Палестина, Польша, Румыния, Сауд Арабиясы, Словакия, Швеция, Швейцария, Тәжікстан, БАӘ, АҚШ, Қазақстан.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или