Қазақстандықтар ТМД 2-ші ойындарында командалық қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандықтар ТМД 2-ші ойындарында командалық қола жүлде жеңіп алды

9 тамызда бағдарлама шағын калибрлі тапаншадан оқ атудан жасөспірімдер арасындағы жеке турнирдің іріктеуімен жалғасып, оның қорытындысы бойынша командалық біріншіліктің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтар Кирилл Федкин, Ярослав Махнев және Кирилл Цуканов үшеуі 1613 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, командалық біріншілікте Иван Семенихин, Илья Суханов және Никита Маннның құрамында Ресей спортшылары алтыннан алқа тақты.

Осылайша Қазақстан ТМД елдерінің ІІ спартакиадасында 15-ші медальді жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или