Универсиада аяқталды. Қазақстан құрамасы қанша медаль алды
Қытайдың Чэнду қаласында жазғы Универсиада ойындары аяқталды, деп жазады <span class="ds_ext_text-tov6w ds_ext_text--serif-gR6vA ds_ext_text--size_large-KlJUR ds_ext_text--font_weight_regular-sLSOt ds_ext_text--color_primary-iFZIj">Prosports.kz.</span>
Жалпы командалық есепте жергілікті спортшылар көш бастады. Қытай құрамасы 103 алтын, 40 күміс және 35 қола медаль жеңіп алды. Екінші орында Жапония (21-29-43), үшінші сатыда Оңтүстік Корея спортшылары (17-18-23) жайғасты.
Қазақстан құрамасы Универсиада қорытындысы бойынша 20 медальмен (2-7-11) 20-орынға тұрақтады.
Алтын медаль Милад Карими (спорттық гимнастика) мен Рита Бакишеваға (таэквондо) бұйырды.
Ал Милад Карими, Нариман Құрбанов (екеуі де спорттық гимнастика), Диана Тұрсынбек (садақ ату), Елжана Таниева (көркем гимнастика, екі күміс), Никита Чирюкин (оқ ату), оқ атудан Қазақстан ерлер командасы (<span>винтовкадан ату)</span> күміс медаль алды.
Қола жүлдеге Милад Карими (спорттық гимнастика), Елжана Таниева (көркем гимнастика), таэквондодан ерлер командасы, семсерлесуден ерлер командасы, оқ атудан (пневматикалық мылтық, 10 метр) ерлер командасы, дзюдошылар Бекарыс Сәдуақас, Асқар Жұбатов, Сұңғат Жұбатов және суда жүзуден Әділбек Мусин және Бексұлтан Қоскенов, Әйгерім Төреханова (ушу).
Айта кетейік, 2023 жылғы Универсиада 7-19 тамыз аралығында Екатеринбургте өтуі тиіс болатын. 29 сәуірде Халықаралық университеттік спорт федерациясының атқарушы комитеті жарысты Екатеринбургтен Қытайға ауыстырды.