Дзюдо. Әлем біріншілігінің үшінші күні аяқталды

Бүгін Астанада дзюдодан өтіп жатқан Әлем біріншілігінің үшінші күні өз мәресіне жетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Жапония құрамасының атақты спортшылары Каори Мацумото тағы да румындық Корино Каприориудан «вазари» ұпайын алып басым түсті, осылайша ол өз марапаттарының қорын тағы бір алтынмен толықтыра түсті. Естеріңізге салайық ол Олимпиада жеңімпазы және 2010 жылғы әлем чемпионы. Қола медаль иегерлері Франция дзюдошылары Отэм Павиа және Сумиа Доржсурен (Моңғолия).

73 келіде 2013 пен 2014 жылғы әлем чемпиондары Оно Шохей және Рики Накая арасындағы кездесуде Оно Шохей жеңімпаз атанып, әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы атанды. Жапония құрамасының спортшылары бір-бірімен кездескен ақтық сын осымен екінші рет қайталанып отыр. Сонымен қатар, тарихта бірінші рет екі қазақ балуаны Елдос Сметов пен Рустам Ыбраев кездескен болатын.

Осы салмақтағы қола жүлдегерлер Моңголиядан келген Саинжаргал мен Оңтүстік Кореялық Ан Чангрим.

Жалпы командалық есепте жапондықтар көш бастап тұр. Олардың еншісінде үш алтын, екі күміс және қос қола. Екінші орында еліміздің құрамасы, еншімізде бір алтын және күміс. Үшінші орында әзірге Оңтүстік Корея спортшылары келе жатыр, оларда бір алтын және үш қола.

Ертең татамиге 81 келі салмақ дәрежесінде ерлер мен 63 келіде қыздар шығады. Біздің Азиз Қалқаманұлы мен Мариан Урдабаеваға сәттілік тілейміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или