Астанада ӘЧ кезінде канадалық дзюдошы қарсыласын тұншықтырды

Астанада өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде канадалық дзюдошы Бразилиядан келген қарсыласын тұншықтырls, - деп хабарлады Vesti.kz. Дәрігерлер дзюдошыны зембілмен алып кетті.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен бразилиялық дзюдошы Рафаела Сильва үшін турнирдің екінші кезеңіндегі белдесу сәтсіз аяқталды. Канадалық Катерин Бошемин-Пинармен белдесу кезінде бразилиялық спортшы төртінші минутта қорғаныс кезінде қателік жіберіп, тұншығып қалды. Канадалық спортшының басып алуы қатты болғаны соншалық, дәрігерлер дзюдошыға татамиде көмек көрсетті. Кейін олар Сильваны зембілмен алып кетті.

Қазіргі уақытта дзюдошының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Kaz.tengrinews.kz сайтының материалы бойынна

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или